Fitch агенттігі Қазақстанның ЖІӨ көлемі 5,1%-ға өсетінін болжайды
Fitch халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының егемен кредит рейтингін "BBB" деңгейінде растады, болжамы "тұрақты", деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы, NEGE. Сарапшылар мәліметінше, Қазақстан рейтингін қолдаушы басты факторы ретінде сыртқы күйзелістерге төзімділігін дәлелдеген елеулі сыртқы резервтер мен фискалдық тұрақтылықтың сақталуын атады.
Fitch болжамына сәйкес, 2023 жылдың қорытындысы бойынша экономиканың өсуі шамамен 4,8%-ды құрауы мүмкін. Инвестициялардың тұрақты өсуі, сондай-ақ нақты кірістер өскен сайын шаруашылықтардың тұтынуының өсімі 2024 жылы 5,1% және 2025 жылы 5,4% экономикалық өсімге әкеледі деп күтілуде, бұл әлеуетті өсімге қарағанда айтарлықтай жоғары.
Сарапшыларының ақпаратына сәйкес, қазанда инфляция 10,8%-ға дейін төмендеді, азық-түлік инфляциясының біршама әлсірегенін және ақша-кредит саясатының қатаңдатудың әсерін атап өтті. Бұл ретте, инфляцияның төмендеуіне қарамастан, инфляциялық күтулердің жоғары динамикасы сақталып отыр.
Fitch пікірінше, долларландыру деңгейі төмендеді (2022 жылғы 36,7%-бен салыстырғанда 2023 жылдың III тоқсанының аяғында 30% құрады), ал несиелеудің өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда баяулады.
Сондай-ақ сарапшылар 2024 жылға жоспарланған Ұлттық банктің субсидияланған кредиттеу бағдарламаларынан шығуы ақша-кредит саясатының тәуелсіздігін дәлелдей алатынын нақтылайды.
Fitch 2024–2025 жылдары мемлекеттік шығыстардың өсуінің баяулауын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке кепілдендірілген және нысаналы трансферттердің шығыстары мен көлемінің өсуін шектеуге бағытталған жаңа бюджеттік ереже енгізілуіне қарай болжайды.
Айта кетсек, 2023 жылы тамыз айында Ұлттық статистика бюросы Қазақстанның 2022 жылы өндірілген жалпы ішкі өнімінің көлемі 103,7 трлн теңгені құрағанын хабарлады. ЖІӨ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 3,2%-ға өсті.