USD
USD
USD

Fitch Kaspi.kz пен Kaspi Bank-тің рейтингтерін «BBB-» деңгейінде растады

Fitch Ratings «Kaspi.kz» АҚ және оның еншілес банктік компаниясы «Kaspi Bank» АҚ-ның эмитент дефолтының ұзақмерзімді рейтингтерін «BBB-» деңгейінде, «Тұрақты» болжамымен растады.

Kaspi.kz
Фото: Kaspi.kz

Алматы, NEGE. Сондай-ақ Fitch осы екі компанияның тұрақтылық рейтингтерін «bbb-» деңгейінде және ұлттық ұзақмерзімді рейтингтерін «AA+(kaz)» деңгейінде растады.

Есепте аналитиктер компанияның бірегей бизнес-профилін және жоғары қаржылық көрсеткіштерін атап өтті. Kaspi-дің операциялық табыстылығы Fitch рейтингіндегі, әлемдегі банктік топтардың ішіндегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, аналитиктер Kaspi-дегі капитал резервтерін сенімді, ал тәуекелдерді басқаруды тиімді деп атады. Агенттік атап өткендей, Kaspi.kz-дегі несие сапасы үлкен деректер технологиясына негізделген тәуекелдерді тиімді басқару арқасында үнемі жақсарып келеді.

Kaspi.kz туралы

Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Инновациялардың орталығында – елдегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz. Оны шамамен 15 миллион қазақстандық пайдаланады, ол елдегі электронды сауда, төлем және қаржылық жетекші сервистерді қамтиды.

Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізу қызметі бар тиімді онлайн зат сатып алып, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаржыларын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турлар рәсімдейді және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

Kaspi.kz бизнес үшін де Kaspi Pay суперқосымшасын әзірледі, оны Қазақстандағы шамамен 700 мың кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржыландыру алады, төлем қабылдайды, жарнамалық науқандар жүргізеді, салық төлейді, электрондық сауда және жеткізу платформасына қосылады, оның көмегімен тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.

Гарвард Бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын жазды, оны бірнеше жылдан бері магистратура студенттері оқып келеді.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов