USD
USD
USD

«Фиркан» сауда орталығында болған өртте зардап шегушілер жоқ

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, 1 қыркүйек сағат 02.07-де «101» пультіне Тәуке хан даңғылында орналасқан «Фиркан» ЖШС аумағында өрт орын алғаны туралы ақпарат келіп түскен.

«Фиркан» сауда орталығында болған өртте зардап шегушілер жоқ
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер көлемі 927 шаршы метрді құрайтын минералды сусындар сақтайтын қойманың жанып жатқандығын анықтады.

Судың үздіксіз берілуі нысанға жақын орналасқан екі өрт гидранттарынан қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, Шымкент станциясының өрт пойызы, коммуналдық қызметтердің су тасығыштары жұмылдырылды.

Өртті 03.46-да оқшаулап, 05.42-де толық сөндірді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен материалдық шығындар анықталуда.

Өрт сөндірушілер қауіпсіз жерге сыйымдылығы 80 литрлі 3 оттегі балонын және сыйымдылығы 50 литрлі 1 газ балонын шығарды.

Өрт орнына Шымкент қаласы ТЖД-нің 72 қызметкері мен 16 техникасы, жеке құрамында 10 адамы бар Шымкент стансасының 1 өрт пойызы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы, коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелерден 6 қызметкер мен 6 техника тартылған.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек