Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Финляндияда еркектер 7 айға дейін бала бағуға босатылмақ

Финляндияның жаңа үкіметі ата-анасы балаларымен көбірек бірге болуы үшін әйелдер мен ерлерді бірдей уақытқа бала бағуға босатуды жоспарлап отыр.

Финляндияда еркектер 7 айға дейін бала бағуға босатылмақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Финн үкіметі декреттік демалысты 14 айға дейін созуды көздейді, бұл мерзім қос ата-анаға теңдей 164 күннен бөлініп берілмек. Осы уақыт ішінде жас ата-анаға үкіметтен жәрдемақы төленіп тұрады. Шенеуніктердің сөзінше, бұл бірінші кезекте адамдардың әл-ауқатын жақсарту үшін және гендерлік теңдік мақсатында қолға алынатын шара.

Қазір Финляндияда заң бойынша, жүктілік пен босануға байланысты 4,2 айлық декреттік демалыс беріледі. Ал әкелеріне бала екі жасқа жеткенге дейін 2,2 айлық демалыс ұсынылады. Дегенмен елде тек әрбір төртінші отбасы ғана осы мүмкіндікті пайдаланатын көрінеді.

Үкіметтің жаңа жоспары бойынша, жарты жылдық демалыстан бөлек, жүкті әйелдерге қосымша айлық материалдық көмек берілмек.

 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА