Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Financial Times басылымы жылдың ең ықпалды әйелдерін атады

Санна Марин, Меган Маркл және Билли Эйлиш жылдың ең үздік 25 әйелінің тізіміне енді.

Financial Times басылымы жылдың ең ықпалды әйелдерін атады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ең ықпалды әйелдер рейтингіне олардан басқа Колумбияның вице-президенті Франсиа Елена Маркес Мина, АҚШ Жоғарғы сотының бірінші қара нәсілді судьясы Кетанжи Браун Джексон, Пәкістандағы су тасқыны мәселесіне назар аударған Экология министрі Шерри Рехман, түсік жасатуды жақтаушы дәрігер Ребекка Гомперц және биылғы Нобельдің бейбітшілік сыйлығын жеңіп алған украиналық «Азаматтық бостандық орталығы» құқық қорғау ұйымының басшысы Александра Матвичук енді.

Сондай-ақ басылым  ирандық әйелдерді де осы рейтингке қосуды жөн санаған. Өйткені биыл ирандық  Махса Амини полицейлердің қолынан қаза тапқаннан кейін елдегі әйелдер бас көтеріп, наразылық шерулеріне шыққан болатын. 

Аамерикалық жазушы Джейми Фиоре Хиггинс, армиядағы жыныстық қудалау жағдайлары туралы айтқан жапон армиясының бұрынғы сарбазы Рина Гоно, кениялық эколог Паула Кахумба, неміс суретшісі Анна Имхоф, Қытайдан шыққан канадалық режиссер Доми Ши де осы тізімде. 

Қазір оқып жатыр

«ҰБТ-дан 125 балл жинағанымен, грантқа ілікпеді»: жетісулық ата-аналар шағымын жеткізді

ҰБТ

Қант нарығы әлі де импортқа тәуелді: отандық өндірістің үлесі тек 29%

қант импорты

Қажылыққа апарамын деп елден 60 млн теңге жинап алған екі астаналық сотталды

Қажылық

Қазақстанда сауда өсімі екі есеге жуық баяулады – экономист

әлеуметтік маңызы бар тауарлар