Қаржылық сараптама

28.09.20 Кім популист? Қаржыгерлер мен экономистер НЕГЕ дүрдараз?

Тәжірибелі банкир Үміт Шаяхметова зейнетақы жинағының бір бөлігін азаматтарға беруді «популистік шара» деп атады. Оған танымал экономист Олжас Құдайбергенов фейсбукте жауап берді. Келесі жылы президенттің осы бастамасы экономистер мен банкирлер арасын біржолата суытуы мүмкін.

23.09.20 Банкроттар парады. НЕГЕ «Tengri bank» лицензиясынан айрылатын соңғы банк емес?

ҚНРДА «Tengri bankтің» лицензиясын тартып алды. Бірақ тағдыры қыл ұшында тұрған «AsiaCredit Bank» және «Capital Bankті» акционері құтқарады деп сендірді. Ал оған сарапшылар күмәнмен қарайды. Демек, осы екі банктен абай болған жөн.

22.09.20 «Шатыры» темір «Атамекен» НЕГЕ ешкіммен сыйыса алмады?

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі «Атамекен» палатасының құрылуын «өндірістік саясатты қалыптастыру жолындағы проблема» деп атады. Палатаның жақын күндері министрлікке жауап берері сөзсіз.

21.09.20 Пандемияның екінші толқыны. НЕГЕ ел де, экономика да оған дайын емес?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияның екінші толқынынан қашып құтыла алмайтынымызды мәлімдеді. Қазақстан оған дайындық жолында дәрі-дәрмек қорын жасақтауда. Бірақ карантинге экономика дайын ба?

18.09.20 Минус 1 банк. НЕГЕ Tengri Bank тәңірінен айрылды?

Бүгін ҚНРДА Tengri Bankтің лицензиясын тартып алды. Қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов келесі жылдың жазында тағы 5-6 банк лицензиясынан айрылады деп отыр. 28 жылдық тарихы бар Tengri Bank неден құлады?

16.09.20 Келімбетов! Реформатор?

Президент тапсырмасымен құрылған Стратегиялық жоспарлау мен реформалар агенттігіне (СЖРА) Қайрат Келімбетовтың тағайындалуы екіұдай пікір туғызды. Бірінші жағынан оның саяси салмағы бәріне ұнайды. Екінші жағынан реформаторлық қасиеті күмән туғызады

15.09.20 Бара бер, боссың! НЕГЕ мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту экономикаға кері әсерін тигізуі мүмкін?

Екі жылдың ішінде мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда жұмыс істейтін әрбір төртінші адам жұмысынан айрылмақ. Сарапшылар бұл қадамның тиімділігіне күмәнмен қарайды және дағдарыс уақытысында ол қауыпті болуы мүмкін дейді.

14.09.20 Офис VS «Удаленка». Коронавирус кеткеннен кейін қалай жұмыс істейміз?

Пандемия біткеннен кейін біз кеңсеге қайта ораламыз ба? «Удаленка» біз үшін уақытша режим болды ма? Бизнес үшін қай тәртіп тиімді? Осы сұрақтарға жауап іздеген Nege.kz тілшісі отандық HR мамандармен кездесті