13 Қаңтар 18:20

Орныңда қаласың! Дүниежүзілік Банк НЕГЕ Қазақстанның тағдырын айқын болжаудан қорқады?

Фото:

Дүниежүзілік Банк Қазақстан былтыр қанша пайызға құласа, биыл сонша пайызға өседі деген пікірде. Бірақ оның соңғы есебі тым құрғақтау болып шықты.

Қазақстанға баға беріп, оның тағдырын болжап отыратын үш халықаралық ойыншы бар. Олар – Дүниежүзілік Банк, Халықаралық валюта қоры және ЦРУ. Дүниежүзілік Банк есебі бойынша, 2021 жылы еліміздің экономикасы 2,5%-ке өсуі тиіс.

«Тым консервативті бағалауға ұқсайды», - дейді, Дүниежүзілік Банк есебін Nege.kz шолушысымен бірге талқылаған қаржы сарапшысы Владислав Туркин. «3,5 пайыз деген болжамы идеалды болар еді».

«Әрине, төмен база эффектісі ескерілгені анық. Бірақ Дүниежүзілік Банктің соңғы есебіне қарағанда біздің Ұлттық Банктің сараптамасы анағұрлым толық және түсінікті болып шыққан»

Биылғы инфляцияға қатысты Дүниежүзілік Банк оның көрсеткіші мақсатты коридорға дейін төмендейді деп санап отыр. «Базалық сценарий 2021 жылы инфляцияның біртіндеп төмендеуін болжайды, өйткені тасылым тізбектері қайта қалпына келіп, карантин кезінде туындаған кумулятивті мінез-құлық азаяды. Пандемия жағдайында өскен азық-түлік бағаларының инфляциясы шектеулердің көпшілігі азайғандықтан және үй шаруашылықтарының қорлары сарқылатындықтан төмендейді деп болжануда», - деп жазылған есепте.

«2021 жылдан бастап жүк және пошта қызметтері үшін ҚҚС ставкаларын жоспарлы төмендету осы саланың шығындарын азайтып, қызметтер құны инфляциясының төмендеуіне ықпал етуі мүмкін. Жалпы алғанда, ынталандырушы бюджеттік саясатқа негізделген сұраныстың артуы болашақ кезеңдердегі инфляцияның ортақ жоғары траекториясын білдіреді. Сонымен қатар, инфляция теңге бағамының өзгеруіне өте сезімтал болып қала береді»

«Менің ойымша, инфляция шамамен 6% құрауы тиіс», - дейді, экономист Алмас Чукин. «Нақты болжау қиын, оның бәрі шығындарды жабу үшін Ұлттық қордан қанша қаржының бөлінетініне байланысты».

Мұнайға тиіссіз бюджет дефицитіне қатысты Дүниежүзілік Банк тапшылық ішкі жалпы өнімнің 11,5% деңгейінде қалады деп болжайды. Ал 2022 жылы тапшылық көлемі азаюы тиіс. «2021 жылы билік Ұлттық қордан бюджеттік шығындарды жабу үшін 1 трлн теңге қосымша трансферт алуды жоспарлап отыр. Шұғыл шаралар мен макроэкономикалық әлсіздіктің жалғасуы салдарынан жалпы және мұнайға жатпайтын тапшылық жоғары болып қалады деп болжануда», - деп жазады, Дүниежүзілік Банк сарапшылары.

«Бюджет тапшылығы бізде артып отыр», - деп келіседі, GSB UIB директоры, экономист Мақсат Халық. «Бір жарым миллиард евро көлемінде Азия Даму банкінен қарыз алып отырған жағдайымыз бар. Және бюджет тапшылығын жабу үшін Ұлттық қордан көп трансферттер тартудамыз. Өткен жылы пандемия салдарынан күресу үшін Ұлттық қордан 4,7 триллион теңге алдық».

Жалпы алғанда Дүниежүзілік Банк биыл Қазақстан экономикасының қалпына келетінін ашық айтады. Бірақ түрлі тәуекелдердің бар екенін қосарлап, егер мұнай бағасы тұрақты болып тұрса, 2022 жылы экономика өсуін жалғастырады деп түйіндейді.

Nege.kz ойынша, Дүниежүзілік Банк қазақ еліне тән көптеген ньюанстарды қарастырмаған. Ол тек әлемдік тәуекелдерді ескеріп отыр. Ал біздің жергілікті қауіп факторы ретінде саяси картинаның өзгеруі, кландар қақтығысы мен популистік шешімдердің зиян тигізу мүмкіндіктерін ескеруге болар еді.

Сондықтан беделді халықаралық институттың бұл болжамын алыстан айтылған тұспалдар ретінде жылы жауып қоя салғанымыз дұрыс.

Тегтер: