10 Маусым 10:04

Нұрлы проблемалар. «Нұрбанк» жағдайы НЕГЕ ауыр?

Фото:
«Нұрбанк» 2020 жылдың қортындысы бойынша 28 миллиард теңге таза

шығынға батты. Банк капиталы 47 миллиард теңгеден 40 миллиард теңгеге төмендеді. Бұлай жалғаса беретін болса, акционерлердің көмегі қажет болуы мүмкін.

Биыл ҚНРДА-ның қырағы көзі «Нұрбанк» жаққа қарай ауатыны сөзсіз. Иә, банк минималды пруденциалды нормаларға сәйкес келеді, бірақ тәуекелдерді басқару тарапынан алғанда жіті қадағаланбақ.

«Нұрбанк» АҚ 2020 жылдың қаржылық есебі. Аудитор: Grant Thornton

«Қазіргі уақытта банктің тұрақтылығын сақтап қалу үшін оны 20-25 миллиард теңгеге капитализациялау қажет болуы мүмкін», – деп жазады қаржы сарапшысы Расул Рысмамбетов.

«2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап депозиттік базаның 15 миллиардқа ұлғаюы жағдайды ешқандай жолмен жақсартпайды. Банкке тұрақты болу үшін бөлшек саудаға, оның ішінде IT, мобильді қосымша, басқа да қызметтерге айтарлықтай инвестиция қажет болады»

Банктің түпкі акционері – Форбс тізіміндегі олигарх Рашид Сәрсенов. Оның қаржы институтынан бөлек «Helios» пен «Француз үйі» сынды ірі активтері бар. Бір қызығы, банк карантинде отырып, шығынға батып жатқанына қарамастан, 2020 жылы директорлар кеңесі мүшелері мен топ-менеджмент 246 миллион теңге сыйақы алған. Бұл банк кіріс көрсеткен 2019 жылға қарағанда 49 миллион теңгеге көп.

«Акционер банкке кез-келген уақытта көмекке келе алады. Оған қаржылық мүмкіндігі бар», – дейді Экономикалық бастамаларды қолдау қорының сарапшылары.  

«Биыл банк өзінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартуы тиіс. Себебі жыл сайын шығын әкелетін қаржы институты оның акционерлеріне қажет емес. Осыған орай, банктің биылғы бірінші жарты жылдың қортындысы бойынша шығатын қаржылық есебінің қандай болатыны өте маңызды»

2020 жылдың қортындысы бойынша «Нұрбанк» активтері 424 миллиард теңгеге, ал міндеттемелері 383 миллиард теңгеге жеткен.

Тегтер: