Көпіршік жарылғанда. НЕГЕ тұрғын үй нарығын үлкен дағдарыс күтіп тұр?

10 ақпан, 20:10
Көпіршік жарылғанда. НЕГЕ тұрғын үй нарығын үлкен дағдарыс күтіп тұр?
Фото: Nege.kz

Соңғы 8 жылда тұрғын үй бағасы екі есеге қымбаттаған. Үйдің қымбаттау қарқыны халық табысының өсуі динамикасынан асып кетті. Демек, табысымыз артпаса да, үй бағасы шарықтап барады.

Ұлттық статистика бюросы мәліметі бойынша, 2012 жылдан бері жаңа тұрғын үйлер 84 процентке, ал қолданыста болған үйлер 112 процентке қымбаттаған.

Бірақ баға өсуінің соңғы рекорды өткен айда тіркеліп отыр. Мысалы, бүкіл 2020 жыл бойы бағаның өсуі 5,2% көрсетсе, биылғы жылдың тек қаңтар айында қымбаттаудың орташа деңгейі 3% болған. Бұл өз кезегінде, сарапшылар тарапынан нарықта көпіршік үрленіп бара жатыр деген пікірлер туғызды.

«Жылжымайтын мүлік нарығында мұндай көпіршіктің пайда болуы, зейнетақы жүйесінің реформаға ұшырап жатқан жағдайында жағымсыз экономикалық әсер береді», – деп жазады экономист Бауыржан Айтқазин.

«Баспана нарығында халықтың сатып алу қабілетті төмендей бастайды. Себебі, халықтың зейнетақы жинақтарының есебінен өсетін кірістерінің өзі үй бағасының қымбаттау қарқынына ілесе алмай қалатын болады»

«Көпіршіктер әртүрлі. Сабын көпіршігі бар, ол тез үрленіп, тез жарылып кетеді. Ыстық ауамен үрленген, жарыла қоюы қиын әуе шары бар. Жылжымайтын мүлік нарығын мен әуе шарына теңеймін. Көпіршік бар, бірақ оның қалай жарылатыны туралы түсінік жоқ», – дейді Nege.kz шолушысына ойын айтқан EXANTE халықаралық брокерлік компаниясының сарапшысы Андрей Чеботарев.

«Тұрғын үй нарығындағы дағдарыс тек сыртқы әсермен ғана келу мүмкін. АҚШ қор биржасының капитализациясы оның ішкі жалпы өнімінің 202 процентіне тең. Бұл – өте көп, яғни қор нарығы бүкіл АҚШ экономикасына қарағанда, екі есе артық бағаланып отыр. Сондықтан, егер 2008 жылғыдай дағдарыс болса, онда бәрі құлдырайды»

Бірақ, Андрей Чеботаревтың ойынша, тұрғын үй бағасының 20-40 процентке төмендеуіне ешқандай негіз жоқ. Тек үкіметтің шешімімен мемлекеттік бағдарламаларды қысқартып немесе олардың тынысын тарылту арқылы әрекет етуге болады. Бұл бағаның өсуін тоқтатады және болашақта баспана құнын төмендете алады.

Nege.kz есебінше, тұрғын үй бағасының өсуі зейнетақы жинақтарына қатысты нарықтың спекулятивті күтулеріне қатысты болған. Оның ешқандай фундаменталды негізі жоқ. Сондықтан, зейнетақы жинақтарын шешетіндер алатын үйін алып болғаннан кейін, баға да орнына келетін болады.

#баспана #бжзқ #инфляция