9 Ақпан 08:27
...

Қаржыгерлер дәуірі. Банктердің табысы НЕГЕ артып келеді?

Фото:

Ұлттық Банк дерегі бойынша, 2020 жылы Қазақстанда жұмыс істейтін банктердің ортақ табысы 1,4 триллион теңгеден асқан. Табысты молынан тапқандардың алғашқы үштігінде Халық банкі, Kaspi bank пен ЦентрКредит бар.

Ал Үкіметтің атынан «Бәйтерек» холдингі сатып алған Bereke bank, керісінше, 129 миллиард теңгеге минусқа кеткен. Оның Ресейге салынған санкциялардың қырсығынан болғанын айтуға болады. Сонымен бірге, «ВТБ Қазақстан» 33 миллиард теңге шығынға батты. Бір қызығы, ешқандай санкциясыз-ақ Түркияның біздегі банкі «Қазақстан-Зираат» 10 миллиард теңге шығын көріп отыр. Қалған 18 банктің барлығы біреуі аз, біреуі көп болса да әйтеуір кіріс көрген.

1. Халық банкі

Қазақстанның Халық банкі 2022 жылдың қортындысы бойынша 539,2 миллиард теңге таза кіріс алды. Бұл көрсеткіш бойынша олар Каспиді басып озды. Ал банк активтері 13,8 триллион теңгеге жетіп отыр. Осы қарқынмен өсе беретін болса, болашақта Халық банкі активтерінің көлемі Қазақстанның бір жылдық бюджетімен теңесуі мүмкін. Онда "Халық банк" қазақ экономикасының серфингисті бола алады.

Халық банкі. Фото: Tengrinews.kz

2. Kaspi bank

Екінші орында келе жатса да – Kaspi bank өсім динамикасы бойынша әлдеқайда ұшқыр қаржы ұйымы. Және цифрландыру біліктілігінің жоғары деңгейде болуы Каспиге болашақта шығындарды тағы да қысқартуға мүмкіндік ашайын деп тұр. Әзірге оның бір жылдық таза табысы 361,7 миллиард теңгеге жетіп отыр. Активтері 5 триллион теңгенің маңайында.

Kaspi Bank. Фото: Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы

3. ЦентрКредит банкі

2022 жылы нағыз шайқаған банк – Центр Кредит болды. Санкцияға ұшыраған Альфа-Банкті сатып алды, бастықтары Ғалым ҚҰСАЙЫНОВТЫ қуып жіберді, табыстарын бір жылда 7 есеге арттырды. 2022 жылды олар 145 миллиард теңге таза пайдамен аяқтап отыр. Бірақ, әмбебап банк концепциясы бұдан ары қарай табысты жұмыс істей ала ма? Ол бойынша күмән көп. БЦК-ға тез арада өз стратегиясын нақтылап, позициялануын дұрыстау керек.

ЦентрКредит Банкі. Фото: Самат шоу техник

Осы үздік үштіктен бөлек, 100 миллиард теңгеден астам таза пайда тапқандар тізіміне АҚШ-тың алпауыты – «Ситибанк»-тің Қазақстандағы еншілес банкі ілініп отыр. «Ситибанк Қазақстан» біздегі халықаралық компанияларға қызмет көрсетеді.

S&P бойынша А+ рейтингі бар Қазақстандағы екі банктің бірі осы – «Ситибанк». Ал екіншісі – Оңтүстік Кореяның біздегі «Шинхан банкі». Бірақ олар шағын банк болғандықтан 3,3 миллиард теңге ғана пайда көрді.

Тегтер: