13 Қазан 16:00

Бір қуантып, бір жылатар! Мұнай бағасының өсуі еліміз үшін НЕГЕ біртүрлі әсер бермек?

Фото:

Брент баррелі 80 доллардан асты. Сарапшылар «Үкімет осыны пайдаланып, мемлекеттің болашағына керек реформаларды ары ысырып қоюы мүмкін» деп қорқады.

Сарапшылардың сөзінше, Үкіметке соңғы мүмкіндік беріліп отыр. Себебі, бұдан кейін мұнай барреліне 80 доллардан артық еш уақытта өспеуі мүмкін. «Декарбонизация» дәуірінде қымбат мұнайға сұраныс та, орын да болмауы тиіс. Бірақ оны Қазақстан Үкіметі түсіне ме?

«Мұнай бағасы жоғары кезде Үкіметтің реформа жасауға ұмтылмайтыны анық. Біз оны 2009-2010 жылдары, одан кейін 2015-2016 жылдары көрдік», – дейді TikMill халықаралық брокерлік тобының сарапшысы, экономист Арман Бейсембаев.

«Бірақ нақты реформалар үшін көп қаражат керек. Оны мұнайдан түскен мол табыс бере алады. Бұл ретте, тағдыр елімізге тағы бір мүмкіндік сыйлап отыр»

Арман Бейсембаевтың айтуынша, бұл әлемдегі қымбат мұнай бағасының соңғы циклы болуы мүмкін. Технология өзгерістер әлемдік экономиканың қозғаушы күші ретінде көмірсутектер емес, экологиялық таза басқа баламаны қабылдауы тиіс. Қазақстанның тек 2030 жылға дейін реформа жасайтын, жағдайды өзгертетін уақыты қалды. Демек бар-жоғы біздің қоржынымызда 9 жыл бар.

Ал экономист Айдархан Құсайынов «егер дұрыс ұқсата алсақ, мұнай бағасының қымбаттауы бізге игілік әкеледі» деген пікірде. Мұндағы басты мәселе – ұқсатуда.

Бұған дейін Үкіметтің жасаған бар реформасы Ұлттық қордың ақшасын алып, бірнеше айдан кейін жабылып қалатын кәсіпорындарға шашу болып келді. Қазір де реформамен бүркемелеп, осы әдетінен жаңылмаса, соңғы мүмкіндіктен айрылады.

Тегтер: