USD
USD
USD

Финалда Месси гол салғанда ереже бұзылғаны айтылды

Катардағы ӘЧ финалында Мессидің 108-минутта Франция қақпасына салған голы есепке алынбау керек болған, деп хабарлады Vesti.kz.

Финалда Месси гол салғанда ереже бұзылғаны айтылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қосымша уақытта салынған гол Аргентинаны есепте алға шығарды - 3:2. Ал доп соғылған сәтте аргентиналықтардың қосалқы құрам ойыншылары алаңға шығып кеткен екен. 

"Льористің сейвінен кейін Месси гол салғанда Аргентина құрамасының қосалқы құрам ойыншылары эмоцияға беріліп, алаңға шығып кетті. Олар жеңісті тойлауға дайын болды. Бұл қатаң тыйым салынған дүние. 

Ереженің тоғызыншы пунктінде көрсетілген: "Гол салынғаннан кейін төреші ойын қайта жалғасқанға дейін гол соғылған сәтте алаңда бөгде адам болғанын байқаса, голды есепке алмау керек, бұл гол салған қосалқы құрам немесе алмастырылған ойыншы, алаңнан қуылған футболшы, команда қызметкері болса. Ойын қосымша ойыншы болған жерден айып добымен жалғастырылуы керек", - деп жазған франциялық басылым. 

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова