USD
USD
USD

FINA жүзуден 2021 жылғы әлем кубогі кезеңінің жарыс кестесін жариялады

  Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) жүзуден 2020 жылғы әлем кубогі кезеңдерінің өтпейтінін хабарлады. Сондай-ақ 2021 жылғы кубоктік кезеңдер мерзімін жария етті, деп жазды Olympic.kz.

FINA жүзуден 2021 жылғы әлем кубогі кезеңінің жарыс кестесін жариялады
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. 2021 жылғы әлем кубогі алты кезеңнен тұрады және Токиодағы Олимпиада ойындарынан соң өткізіледі.  Бірінші және екінші кезең Сингапур мен Цзинан қалаларында жоспарланған (нақты мерзімі кейін хабарланады), үшінші кезең 1-3 қазан күндері Берлинде (Германия), төртінші кезең 7-9 қазан аралығында Будапештте (Венгрия), бесінші кезең 21-23 қазанда Дохада (Катар), алтыншы әрі финалдық кезең 28-30 қазан күндері Қазан қаласында ұйымдастырылады. 2021 жылғы әлем кубогі кезеңдері 25 метрлік бассейнде өтеді және 25 метрлік бассейндегі әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болып есептеледі. Аталған чемпионат 2021 жылдың 13-18 желтоқсанында Әбу-Дабиде (БАӘ) өтеді.

Қазір оқып жатыр

ТЖМ-нің жоғары лауазымды қызметкері түнде шу шығарды ма: Полиция не дейді?

Ерлан Төрегелдиев

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған таксист 10 тәулікке қамалды

Жүргізуші

Түркістан облысында зейнеткердің үйін жөндеп бермек болған еріктілер шатырдан 5 млн теңге тауып алды

Ақша

Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды

Құрылтай сайлауы