USD
USD
USD

Финляндия Президенті Александр Стубб Қазақстанға келеді

Фин тарапының бастамасымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия Республикасының Президенті Александр Стубб телефон арқылы сөйлесті.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылап, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға қос тараптың да бейіл екенін растады.

Екі ел арасындағы қарым-қатынасқа тың серпін беру үшін Финляндия Президенті биыл қазан айында Қазақстанға сапармен келуге дайын екенін жеткізді.

Тараптар орнықты дамуды қамтамасыз ету, жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ілгерілету мақсатында көпжақты ұйымдар аясындағы күш-жігерді үйлестірудің маңызын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек