USD
USD
USD

Филиппинде тайфун құрбандарының саны 169-ға жетті

 Филиппиндегі Тынық мұхитындағы «Рай» тайфуны салдарынан құрбан болғандардың саны 169-ға жетті.

Филиппинде тайфун құрбандарының саны 169-ға жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кем дегенде 107 адам жараланды, тағы 50 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды The Manila Times басылымы. Биліктің мәліметінше, қаза тапқандардың ең көп саны Орталық Висайя аймағында – 129 адам, Батыс Висайя аймағында – 22, Карага аймағында – 10, Солтүстік Минданаода – жеті, Замбоанга түбегінде тағы бір адам тіркелген. Бұған дейін France-Presse агенттігі табиғи апат салдарынан 108 адамның опат болғанын хабарлаған. Филиппиннің Шығыс Висайя аймағының билігі тайфунның жақындауына байланысты 82 мыңнан астам жергілікті тұрғынды эвакуациялады. Тұрғындар Оңтүстік Лейте, Лейте, Самар, Шығыс Самар, Солтүстік Самар және Билиран провинцияларындағы 274 эвакуациялық орталыққа көшірілді. Вьетнамның Гидрометеорологиялық болжау ұлттық орталығының мәліметінше, тайфунның эпицентрі Вьетнамның Биндинь провинциясына қарай жылжуда.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Абай Түрікпенбаев

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Ардагерлер

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Сот балғасы

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Нұрай Серікбай