USD
USD
USD

Филиппин президенті карантин мерзімін ұзартты

Филиппин президенті Родриго Дутерте ел астанасы Манила қаласында карантин мерзімін 15 мамырға дейін ұзартты. Бұл туралы жұма күні оның өкілі Гарри Рок мәлім етті деп хабарлайды Channel News Asia.

Филиппин президенті карантин мерзімін ұзартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, осындай шаралар коронавирус инфекциясы көп тараған басқа аудандарда да қолданылады. Індет жұқтыру қаупі аз аудандарда карантин шаралары алынады. Осылайша, көлік қозғалысы мен сауда қай жерде іске қосылатынын шамалауға да болады. Жұма күні президент Дутерте COVID-19 коронавирусының жаңа штаммына қарсы вакцина ойлап тапқан кез келген филиппиндық азаматқа 50 миллион песо (986 000 АҚШ доллары) көлемінде сыйақы төлейтінін айтты.

Ел астанасы Манила – 13 миллион халқы бар және миллиондаған заңсыз көшіп келушілер тұратын қала. Соңғы мәліметтер бойынша, қалада індет жұқтырғандар саны ел бойынша ауруға шалдыққан 6981 адамның үштен бір бөлігін құраған, 462 өлім оқиғасы тіркелді. Елде коронавирус жұқтырған адамдар саны салыстырмалы түрде көп болмағанына қарамастан, Филиппин елі Қытай мен Италиядан кейін қатаң шектеу шаралары мен үйдегі карантинді енгізген үшінші ел болды. Ел ішінде коронавирус анықталғаннан бері бес күн өткен соң, 12 наурызда Филиппинде көші-қон, сапар, сауда орындарына, сондай-ақ адамдардың жиналуына шектеу енгізілген. Әуе компаниялары да өз қызметін 15 мамырға дейін тоқтатады.

Қазір оқып жатыр

Басынан оқ жарақатын алған: Таразда кәсіпкердің мәйіті табылды

Полиция

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

.

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

.

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

науқас