1 Ақпан 12:52
...

АҚШ-та құлаған ұшаққа қатысты жаңа деректер пайда болды

Ұшақ апаты
Фото: видеодан алынған сурет
Бұл туралы NBC ақпараттық агенттігі  хабаралды.

Алматы, NEGE. Бүгін, яғни 1 ақпан күні АҚШ-та тағы бір ұшақ апатқа ұшырады. Жаңа деректерге сәйкес, ұшақта отырған алты адамның барлығы мексикалықтар. Ұшақ АҚШ-та емделіп шыққан кішкентай қызды өз еліне апаруға бет алған. Науқасқа баскөз болуы үшін анасы мен дәрігер де әуеге көтерілген.

«Емдом шараларының барлығы сәтті өтті. Науқас үйге баруға дайын болатын. Оны қайтадан Мексикаға жеткізу үшін келісімшартқа отырғанбыз. Үйге қайту жоспарының соңғы пункті Тихуана әуежайы еді. Содан кейін, жедел жәрдем көлігімен үйіне дейін жеткізбекші болғанбыз. Ол аман қалу үшін көп күресті. Өкінішке орай, бұл қайғылы оқиға үйге келе жатқанда орын алды», - деп хабарлады Jet Rescue Air Ambulance жедел медициналық жәрдем қызметінен.