USD
USD
USD

ФИФА президенті Қазақстанға келеді

Былтыр күзде ФИФА-ның Париж (Франция) қаласындағы еуропалық кеңсесіндегі Джанни Инфантиномен кездесуде қазақстандық делегация еліміздегі бұқаралық футболды дамыту жобасын ұсынған болатын.

ФИФА президенті Қазақстанға келеді
Фото: NEGE.kz

Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады.

Алматы, NEGE. Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловтың шақыруымен Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының басшысы (ФИФА) Джанни Инфантино Астанаға арнайы келеді.

Ресми сапар 3 мамырға жоспарланған. Былтыр күзде Әділет Барменқұлов пен Джанни Инфантино Франция астанасы Парижде кездесу өткізіп, футболды дамытуды кеңінен насихаттап, дайындық жүйесі мен жарыстарды ұйымдастыру, сонымен қатар Қазақстанда футбол инфрақұрылымын жақсарту тақырыптарын талқылаған еді. 

Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығы басшысының Қазақстанға сапары аясында ел аумағында ФИФА қызметін дамыту бойынша халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылап, сонымен қатар Орталық Азия футбол қауымдастықтары арасында ынтымақтастықты арттыру алға қойылмақ. 

Джанни Инфантино үшін Халықаралық футбол федерациясының басшысы қызметінде Қазақстанға алғашқы сапары болмақ.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза