USD
USD
USD

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА бөлген 250 мың доллар немесе 114,6 млн теңге балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға және мамандарды даярлауға бағытталған негізгі бастамаларды іске асыруға жұмсалмақ.

ФИФА
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, ұйым федерацияның 2026 жылға арналған FIFA Talent Development Scheme бағдарламасы аясындағы жобалық өтінімін ресми түрде мақұлдаған.

Бөлінген гранттың жартысы әлеуеті жоғары жас ойыншыларды іздеуге және іріктеуге бағытталған «Болашақ чемпиондар» ауқымды жобасына беріледі. Бапкерлер мен скауттарға арналған оқыту семинарларын ұйымдастыруға 50 мың доллар қарастырылған.

Тағы 50 мың доллар бағдарламаны басқаруға байланысты операциялық шығындарды (FIFA Operations Project) жабуға жұмсалады. Ал қалған 25 мың доллар балаларды қорғау стандарттарын енгізуге және бағдарлама қатысушыларына психологиялық қолдау көрсетуге бағытталмақ.

Айта кетейік, FIFA Talent Development Scheme бағдарламасы ұлттық қауымдастықтарға бүкіл әлем бойынша талантты жастарды іздеу, дамыту және қолдау бойынша жан-жақты көмек көрсету мақсатында құрылған.

Қазір оқып жатыр

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді

Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған: арнайы ХҚКО қызметкерлерінің ісі сотқа жетті

Жүргізуші