USD
USD
USD

Ferrari мен Pirelli басшылары карантин кезінде волонтер болып жүр

Италияда атағы кеңге тараған жарыс көліктерін шығаратын Ferrari және Pirelli компанияларының иелері коронавируске байланысты жедел жәрдем бригадаларына волонтер болып барды.

Ferrari мен Pirelli басшылары карантин кезінде волонтер болып жүр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Formula1.com ресми сайтында Pirelli Motorsport басшысы Марио Изоланың коронавирусқа шалдыққан адамдарға шұғыл шығатын бригадалардың құрамында парамедик болып жұмысқа кіргені жазылады. 50 жастағы Изоланың аяқ астынан дәрігер қабілеті пайда болды деп ойлап қалмаңыздар, бірақ ол бозбала кезінде парамедиктің оқуын оқыған екен. Ауру жұқтыру қаупіне қарамастан, Pirelli басшысы үйде карантинде отырмай, парамедиктер командасына тұрақты түрде көмегін беріп тұрады. Изола жедел жәрдемде бір минут та ойланбастан жұмыс істеуге келіскенін айтуда. Оның бірінші ауысымы 5 сәуірде өткен. Әрбір ауысым 10-12 сағатқа созылады. Изола бұл оңай жұмыс емес екенін мойындайды.

«Өте ауыр. Бұл вирус қауіпті, біз тілсіз жаумен күресіп келеміз. Әрбір шығар кезде пациенттерімізді қосымша қауіптен сақтау үшін жедел жәрдем көлігін өңдеп, жуып-шаюға 30 минут уақыт кетіреміз», - дейді ол. Ал Ferrari командасының бұрынғы жетекшісі Маурицио Арривабене туған елі Италияға вируспен күресуге көмектесіп жатқанын жариялаған жоқ. Арривабене Ferrari көлігін қоя салып, қарапайым жедел жәрдем көлігін басқаруға отырған. «Формула 1» дереккөзі Италия журналисі Лео Турриниге: «Арривабене вирус өршіген кезде жедел жәрдем көлігіне отырғанын ешкімге айтқан жоқ. Бір сөзбен айтқанда, ол оның жүргізушісі болды!», - деді. Ferrari-ді 2014-2019 жылдары басқарған Арривабене өзінің ауыр мінезімен танылды. Il Resto del Carlino газеті итальяндық азаматтың жұртшылыққа жедел жәрдемде өз еркімен жұмыс істеп отырғанын неліктен жарияламағанына түсініктеме берді. Онда: «Бұрқылдақ болса да, жүрегі кең Арривабене ешкімге ештеңе айтпауды ұйғарды. Алайда вирус өршіген кезден бастап ол жедел жәрдем көлігін жүргізіп, егде жастағы адамдарды ауруханаға жеткізіп жүр» деп жазылған. Бүгінде Италияда коронавирус инфекциясын жұқтырудың 210 700-ден астам оқиғасы тіркелді. Елде бұл індеттен 29 мыңға жуық адам қайтыс болды. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Күдікті

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

AirAstana

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Зейнетақы