USD
USD
USD

Фермерлерді қаржыландыру көлемі артпақ

Биыл форвардтық сатып алу көлемі 2 есеге артты. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлім етті.

Фермерлерді қаржыландыру көлемі артпақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өздеріңізге мәлім, соңғы уақытта ауыл шаруашылығы өндірісіне арналған тауарлық-материалдық құндылықтардың бірнеше есе қымбаттауы байқалуда. Осыған байланысты, қазіргі уақытта көктемгі дала және егін жинау жұмыстарын қаржыландыру көлемін қосымша 70 млрд теңгеге ұлғайтып, бюджеттік кредит берудің жалпы көлемін 140 млрд теңгеге жеткізу мәселесі пысықталуда. Азық-түлік келісімшарт корпорациясының форвардтық сатып алу бағдарламасы арқылы 80 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген кредитпен қамтамасыз етілген. Бұл ретте, ағымдағы жылы форвардтық сатып алу көлемі 2 есеге артты», - деді Е. Қарашөкеев.

Сонымен қатар ол 1 сәуірдегі жағдай бойынша «Кең дала» бағдарламасы бойынша 63,1 млрд теңге сомасына өтінімдер қаржыландырылғанын айтты. Мұнымен қоса, сондай-ақ Азық-түлік келісімшарт корпорациясы 57,2 млрд теңге сомасына өтінімдерді қаржыландырды.

Бұдан басқа, 200 мың тонна көлемінде жемдік астық қорын қалыптастыру үшін форвардтық сатып алуға 20 млрд теңге бөлу мәселесі пысықталып жатыр. 2021 жылғы құрғақшылық қайталанған жағдайда, мал мен құс басының сақталуын қамтамасыз етеді.

Әкімдіктердің деректері бойынша 2022 жылы жалпы егіс көлемі 23,1 млн гектарды құрайды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 125 мың гектарға артық. Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында өңірлерге шығу барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарына келіп түскен азаматтардың өтініштерін мемлекеттік органдардың қарау нәтижелері талқыланып жатыр. Депутаттардың өңірлерге сапарлары барысында көтерілген екі мыңға жуық сұрақ Үкімет тарапынан жан-жақты сарапталып, қаралды.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер