USD
USD
USD

Фермерлер министрлікті қолдады

Фермерлер тірі малды экспортқа шығаруға қатысты салынған тыйымды бес жылға ұзартуды сұрап отыр, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтемен жасаған ҚазТАГ.

Фермерлер министрлікті қолдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан Фермерлер одағының өкілдері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бастамасымен республикадан тыс аумаққа мал сатуға жарияланған мораторийға қатысты ұстанымдарын білдірді. Олар министрліктің шешімін қолдайды. Сонымен қатар, ҚФО мүшелерінің кейбірі тыйымды бес жылға дейін ұзартуды ұсынды», - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

20 қаңтарда Ауыл шаруашылығы министрлігі жаппай мал экспорттау ет бағасының өсуіне әкелгенін, сондай-ақ, ет өңдеу кәсіпорындары мен бордақылау алаңдарының жүктемесі төмендегенін айтып, дабыл қаққан еді. Себебі тек 2019 жылы ғана Қазақстан шетелге 156 мың бас іріқара мен 264 мың бас қой сатқан екен. Егер дәл осы қарқынмен экспорттала берсе, санаулы жыл ішінде Қазақстан малсыз қалуы бек мүмкін. Дегенмен елімізде соған мүдделі топтар да бар көрінеді. Бұл туралы «NEGE.kz» «Мамытбеков мемлекетті малсыз қалдырғысы келеді» тақырыбымен арнайы материал жариялаған болатын. 

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.