Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Феминистер ауған әйелдерінің құқығын қорғауға кірісті

Францияда феминистер Ауғанстандағы әйелдердің құқығын қорғауға кірісті.

Феминистер ауған әйелдерінің құқығын қорғауға кірісті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Француздардың қолдау акциясы Париж орталығында өтті. Ал жуырда Франция Президенті Эммануэль Макрон Ауған жұртына гуманитарлық көмек көрсету операциясын жүзеге асыру үшін, тәліптермен келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.  Франция Ауғанстаннан 3000 босқынды қабылдады. Кабулдағы эвакуация мерзімінің аяқталуына байланысты Франция астанасы Парижде феминистер Ауғанстандағы әйелдер құқығын қорғау үшін Эйфель мұнарасының алдына жиналды. Шара ұйымдастырушылары Ауғанстаннан шыққан әр азаматқа саяси баспана берілуі керек деген талап қойды.  Л

Ауған жерінде билік ауысқалы ондағы 3 мыңға жуық адам Францияға бас сауғалады. Олардың көбі осы елге қызмет еткен азаматтар. Десе де Франция билігі бұдан былай елден кетуге ниет білдіргендердің барлығын қабылдауға дайын емес екенін білдірді.

Франция Президенті Эммануэль Макрон: "Біздің басты мақсатымыз – алдағы уақытта Катармен бірлесе отырып Талибан қозғалысымен келіссөздер жүргізу арқылы эвакуация бойынша операцияларды жалғастыру. Алдын ала құжат берілген азаматтарды ғана  іріктеп шығаратын боламыз", – деді.

Бағдадта іс сапармен жүрген Франция Президенті Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету операциясы бойынша тәліптермен келіссөз жүріп жатқанын айтты. Уағдаластыққа қол жеткізілсе, бірінші кезекте шығармашылық кәсіп иелері, журналистер мен құқық қорғаушылар эвакуацияланбақ. Жалпы Франция жыл сайын Ауғанстаннан 10 мыңнан астам босқынды қабылдап отырған. Сарапшылар тамыздың 31-і эвакуация мерзімі аяқталса да, ауған жерінен шыққан келімсектердің саны әлі де азаймайды деген болжам жасайды.

Қазір оқып жатыр

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті

Қостанай елдің тәтті тағамдар астанасына айналуда: «Баян сұлу» жаңа жобаны іске қосты

"Баян сұлу"

Kinopark фильмдерді прокатқа шығару үшін 60 млн теңгеге дейін жарнама ақысын талап еткен

Kinopark

Қарағандыдағы дүкендердің бірінде кәсіпкер күрішті 160 пайызға қымбат сатқан

күріш