USD
USD
USD

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс сотқа жолданды

Астана қаласының Полиция департаменті қызметтік міндетін атқару кезінде алған жарақаттарынан көз жұмған 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғанын хабарлады.

Ұлдана Мырзуан
Фото: Видеодан скрин

Астана, NEGE. Бұл туралы Kazinform агенттігі жазды.

«Азаматша Ұлдана Мырзуанның қаза болуына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды», – делінген полиция хабарламасында.

Әзірге сот отырысының өтететін күні белгіленбеген.

Еске салсақ, жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуан 2025 жылдың қараша айында  қайтыс болды. Астанада тұрғын үйлердің бірінде болған оқиға кезінде зардап шеккендерге көмек көрсетуге барғанда оның үстіне кондиционер құлап кеткен. Ауыр жарақат алған фельдшер қыз көп ұзамай ауруханада көз жұмды.

Таяуда Ұлдана Мырзуанның жұбайы Әділет Зейнелдің қайта үйленуі қоғамда қызу талқыланды. Көпшілік оның бұл әрекетін сынап, марқұмның отбасына көрсетілген 20 млн теңге көлеміндегі материалдық көмекті қайтаруды талап етті. Ал Ұлдананың анасы бейнеүндеу жариялап, бұрынғы күйеу баласынан іс бойынша жәбірленуші мәртебесінен өз еркімен бас тартуын сұрады.

Көпшіліктің Әділеттен өтемақыны қайтару талабы қаншалықты заңды екеніне құқық саласының маманы пікір білдірді.

Әділет ҚХП-ға сұхбат беріп, марқұм Ұлдананың анасының әлеуметтік желіде жариялаған видеоүндеуіне жауап берді. Оның айтуынша, жаңа отбасы құруы Ұлдананың қазасына қатысты іс бойынша жәбірленуші мәртебесінен бас тартатынын білдірмейді. Ол тергеудің соңына дейін жүргізілуіне мүдделі екенін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский