USD
USD
USD

Фельдшер қазасы: Астанада қасбеті құлаған үйдің бұрынғы басқарушыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты өтіп жатқан сот отырысында қасбеті құлаған үйдің бұрынғы басқарушыларының үстінен де қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды.

Ұлдана Мырзуан өлімі бойынша сот отырысы
Фото: Жоғарғы сот

Астана, NEGE. Бұл жөнінде сот отырысында мемлекеттік айыптаушы Нұрдәулет Әбуов мәлімдеді. Ол тұрғын үйді бұрын басқарған тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 254-бабында көзделген «міндеттеріне адал қарамау» құқық бұзушылығы бойынша қылмыстық іс қозғау туралы рапорт бар екенін айтып, құжатты іске қоса тіркеуді сұрады.

«Бұл құжат осы іс бойынша маңызды, өйткені үйді басқарған органдардың бұрынғы басшыларының өз міндеттерін орындауына қатысты мән-жайларға құқықтық баға берілмей қалған жоқ. Олар жеке қылмыстық істің нысаны болып саналады. Соның аясында іске қатысы бар барлық тұлғаның әрекетіне тиісті баға беріледі», – деді прокурор.

Еске салайық, 2025 жылғы 8 қарашада Астанада Тәуелсіздік даңғылындағы көпқабатты үйдің қасбеті опырылып, бес адам зардап шеккен болатын.

Оқиға орнына көмекке келген фельдшер Ұлдана Мырзуанның үстіне кондиционер құлап, ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген. Алайда медицина қызметкері алған жарақатынан 18 қарашада қайтыс болды.

Қылмыстық іс бойынша МИБ төрайымы Сәуле Жұбаниязова сот алдында жауап беріп жатыр. Ол қаптамасы опырылып түскен үйді басқарған. Сотта Жұбаниязова өз кінәсін мойындамады.

Сот-құрылыс-техникалық сараптамасына рецензия жасаған сарапшы Вероника Лобаеваның айтуынша, қасбеті опырылған тоғыз қабатты үйді салу үшін бес қабатты ғимаратқа арналған конструктивтік шешім қолданылған.

Лобаева сотта ғимараттың сыртқы қабырғаларына қолданылған D69 конструктивтік торабы 2.138 сериясына жататынын айтты. Оның сөзінше, бұл шешім бес қабатқа дейінгі ғимараттарға арналған. Алайда аталған нысан тоғыз қабатты, оған қоса техникалық қабаты бар ғимарат ретінде салынған.

Қазір оқып жатыр

Депутат туысының бизнесіне қатысты заңға дауыс бере ала ма?

Құрылтай брифингі

Алматыда аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан ер адамға үкім шықты

Аялдамада соққыға жыққан

ЖСДП бензин сапасын бақылауды күшейтуді ұсынды

бензин сапасы

ОСИ төрағалары бұрынғы басшыға тәуелді болып қалуы мүмкін – Смышляева

Екатерина Смышляева