USD
USD
USD

Федерация Олимпиадаға қатысқан Кирилл Герасименкоға екі бөлмелі пәтер сыйлады

Қазақстан үстел теннисі федерациясы Кирилл Герасименкоға Астанадан екі бөлмелі пәтер сыйлады. Осылайша, спортшы 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындарында  сәтті өнер көрсеткені үшін марапатталды.

Кирилл Герасименко
Фото: ttfrk.kz

Алматы, NEGE. Естеріңізге салсақ, Кирилл Герасименко ерлер арасындағы жекелей сында 9-орынды иеленді. Бұған дейін қазақстандық үстел теннис шеберлері мұндай нәтижеге қол жеткізген емес.

Герасименко Париж Олимпиадасындағы алғашқы кездесуінде Панамерика ойындарының жартылай финалисі чилилік Бургосты жеңді. Ал екінші кездесуінде сенсация жасап, айды аспанға шығарды. Атап айтсақ, Еуропа чемпионы неміс Дан Цюдан 3-1 есебімен жеңіліп жатып, 4-3 есебімен жеңісті жұлып алды.

Ал ширек финалға жолдама алу жолында төрт Олимпиаданың қатысушысы, тәжірибелі Омар Ассармен (Египет) шеберлік байқасып, 4-2 есебімен есе жіберген еді.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасынан кейін Герасименко әлемдік рейтингтегі позициясын 46-дан 37-ге дейін жақсартты.

«Бұл – біздің спорт үшін тарихи оқиға. Турнир барысында Кирилл ерік-жігердің мызғымас күшін, шеберлігін, кәсібилігін және нағыз спорттық талантын көрсетті. Ол үстел теннисінің қазақстандық шеберлері әлемдегі ең мықты спортшылармен лайықты бәсекелесе алатынын көрсетті», - деді Қазақстан үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Әбілғазин.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Алматы

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Ит

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Уылдырық

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер