USD
USD
USD

Фариза Оңғарсынованың атында көше бар

Алматыда Алатау ауданына қарасты Алғабас ықшамауданындағы бұрынғы Ақсай көшесіне Фариза Оңғарсынованың есімі берілді.

Фариза Оңғарсынованың атында көше бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Атырауда аспанмен таласқан үлкен ескерткіш қойылды. Нұр-Сұлтан қаласында көшесі ашылды. Дәл сол секілді мерейлі белесіне орай Алматы қаласында да дәл сондай шараның бір куәсі болып отырмыз. Фариза апамызға көше берілер кезде бұл барлық деңгейлерде елдің бірауыздан мойындағандығын көрсетті», – деді Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Ахетов.

Көшенің салтанатты ашылу рәсімінде халық жазушысының көзін көрген әріптестері естеліктер айтты. «Фариза апай осы жерде қазақтың рухының өсуіне, қазақтың қазақ болуына, қазақтың қыздарының ешкімнен кем болмауына бір адамдай еңбек сіңірген. Сол өзінің керемет отты өлеңдерімен осы Алматыдағы қазақтың ең бір үлкен рухани анасы болып жүрді. Сондай түп түзу көше, апайдың өзінің жан дүниесі сияқты ғажайып көше, айналасы паркке айналатын керемет көшені беріп жатқан Алматы қаласы әкімдігіне көп көп рахмет айтамыз», – деді жазушы Мереке Құлкенов.

Айта кетейік, биыл Қазақстанның халық жазушысы, ақыны, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл. Поэзия падишасы 2014 жылы 75-ке қараған шағында көз жұмған еді.


 

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

.

Саяси реинкарнация дейтіндей өліп, тірілген жоқпын – Ғабидолла Әбдірахымов

Ғабидолла Әбдірахымов

Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» театрында дауыс берді

.

Маңғыстаулық волонтерлер референдумға баратын қарт адамдарға көмек көрсетуде

Референдум