USD
USD
USD

Фаградальсфьядль жанартауы атқылай бастады

Исландияның оңтүстік-батысындағы Рейкьянес түбегінде 6 мың жыл бойы қозғалыссыз болған Фаградальсфьядль жанартауы атқылай бастады, деп хабарлайды ВВС агенттігі.

Фаградальсфьядль жанартауы атқылай бастады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Исландияның метеорологиялық басқармасының мәліметінше, лава оңтүстік-батыс және батысқа қарай баяу ағып келеді.

Оның Гриндавика тұрғындарына немесе аса маңызды инфрақұрылым үшін тікелей қаупі жоқ. Дегенмен, метеорологтар халықты лай көшкіндері жөнінде ескертуде.

«Ауаның жанартау газымен ластануы болжанады. Адамдарға терезелерді жабу, үйден шықпау және ешбір жағдайда жанартау маңына бармау кеңес етілуде. Қазіргі уақытта атмосфералық ауаның ластану деңгейі бағалануда. Жағалау күзетінің тікұшағы аумақты зерделеу үшін жіберілді. Оның бортынан алғашқы фотолар жасалды. Олардан жанартау атқылағаннан кейін лаваның төмен сырғып бара жатқанын көруге болады. Алғашқы мәліметтер бойынша, жанартау жарығының ұзындығы – 500 метр», - деп жазады ВВС.

Рейтерстің хабарлауынша, соңғы төрт аптада бұл аумақта 40 мыңнан астам әлсіз жер сілкінісі тіркелді. Бұл – көп. Өйткені 2014 жылдан бері жыл сайын 1 - 3 мың жерасты дүмпуі тіркеліп келеді.

Фаградальсфьядль – Исландияның оңтүстік-батысында Рейкьянес түбегінің орталығында орналасқан жанартау тауы.

Оның биіктігі - теңіз деңгейінен 385 метр. Айналасында тұратын халық саны аз. Рейкьянес түбегінде жанартау соңғы рет 800 жыл бұрын, ал Фаградальсфьядль жанартауы 6 мыңға жуық жыл бұрын атқылаған.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер