USD
USD
USD

Facebook жарнамадан 11 млрд доллар тапты

Facebook Inc мереке күндері онлайн сауда жарнамасы арқасында мол табысқа кенелді. Оның акциялары сәл де болса тұрақталды, деп хабарлайды inbusiness.kz

Facebook жарнамадан 11 млрд доллар тапты
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. Жарнамадан тұратын жалпы кіріс көлемі төртінші тоқсанда 33%-ға артып, 28,07 млрд долларға жетті. Бір жыл бұрын 21,08 млрд доллар болған еді. Refinitiv-тің IBES мәліметі бойынша, бұған дейін сарапшылар бұл көрсеткіш 26,44 млрд доллар болады деп топшылаған еді. Осылайша компанияның төртінші тоқсандағы таза пайдасының көлемі 11,22 млрд долларға дейін өсті. Яғни бір акциясының құны қазір шамамен 3,88 доллар. Өткен жылғы пайда көлемі 7,35 млрд доллар болған еді. Тағы бір жайт, Facebook-тің ай сайынғы белсенді қолданушыларының саны 12%-ға артты. Әлеуметтік желіні қазір 2,8 млрд адам қолданады. Сарапшылар бұл көрсеткіш 2,75 млрд шамасында болады деп болжаған еді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы

Павлодар мұнай-химия зауытындағы бензин сапасы тексерілді: не анықталды?

бензин сапасы

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді алу уақыты екі есеге қысқарады

ЖИ

Пәкістанда перзентханада өрт шығып, 15 сәби көз жұмды

Пәкістандағы өрт