Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Facebook Қазақстанмен арадағы келісім туралы ақпаратты растады

Бұған дейін Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Meta (Facebook) компаниясымен келісімге келгенін хабарлады. 

Facebook Қазақстанмен арадағы келісім туралы ақпаратты растады
Фото: NEGE.kz

  Алматы, NEGE. Meta компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі өңірлік директоры Джордж Чен Қазақстанның компанияның «Контентті хабардар етудің ішкі жүйесіне» қосылғанын растады.

«Meta-ның (Facebook) бүкіл әлем үкіметі үшін жергілікті заңнаманы бұзады деп санайтын мәтін туралы хабарлауға арналған онлайн каналы бар. Қазақстан «Контентті хабардар етудің ішкі жүйесінің» бір бөлігіне айналды»,  – деп жазды Джордж Чен Facebook парақшасында.

Бұған дейін Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Meta(Facebook) компаниясымен келісімге келгенін хабарлады. Министр Аида Балаеваның хабарлауынша, министрлік Meta компаниясымен жағымсыз контентке, әсіресе балаларға зиянды ақпаратқа қарсы тұруда өзара ынтымақтастық орнату жөнінде келісімге келді.

Алайда артынша Facebook әлеуметтік желісіне иелік етуші Meta Platforms (FB.O) компаниясы Қазақстан үкіметінің әлеуметтік желі контенті туралы есеп жүйесіне эксклюзивті қолжетімділік алғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.  

«Біріншіден, біз Қазақстан үкіметімен бірлескен мәлімдеме жасаған жоқпыз, оның орнына Қазақстан үкіметі талқылауларға негізделген өз мәлімдемесін жариялады. Біз оларға жергілікті заңнаманы бұзатын контентті шектеу жөніндегі үкіметтің сұрауларын жаһандық өңдеу процесі жайлы айтып бердік», – деді Meta Platforms компаниясының Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі саяси коммуникациялар жөніндегі директоры Бен МакКонаги (Ben McConaghy) Reuters агенттігіне жолдаған хатында.

Осыдан кейін Қазақстанның ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстан мен Facebook-тің бірлескен мәлімдемесі Қытай, Моңғолия және Орталық Азия өңірі бойынша Meta кеңсесінің басшылығымен келісілгенін айтты.  

Қазір оқып жатыр

Шымкентте шілде айында 111 жыл бұрынғы рекорд тіркелді

аптап ыстық

Pierre Cardin, Federico Barrazzo моделі Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүр

Шыңғыс Таңатпаев

Алматыда мемлекетке қайтарылған қаражат 10,5 мың тұрғынды сумен қамтуға жұмсалды

Мемлекетке қайтарылған қаржы

Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Қазыбек Қалмағамбетов