Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Facebook атауын өзгертті

 Facebook атауын Meta деп өзгертті, деп хабарлайды BBC агенттіі.

Facebook атауын өзгертті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Алайда оның басты әлеуметтік желісінің атауы бұрынғысынша қалады. Ребрендинг туралы Facebook девелоперлерінің жыл сайынғы конференциясында жарияланды. Ресми көзқарас бойынша әлеуметтік желінің жаңа атауы компанияның қазіргі қызметіне толық сәйкес келеді. Facebook кейінгі кездері адамдардың жұмыс істеп, ойын ойнап, өзара пікір алмасуына мүмкіндік тудыратын онлайн әлем құру туралы жоспарларынан хабардар етіп келген болатын.

Әлеуметтік желінің атауының өзгеруімен бірге Facebook-тің өнімдеріне қатысты сыни пікірлер де айтылмай қалмады. Мысалы компанияның бұрынғы қызметшілерінің бірі Фрэнсис Хауген Facebook-тің желіні қолданушылардың мүддесінен көрі пайда табуға барынша көңіл бөліп келгендігін айтқан. Айта кетейік, 2015 жылы Google де құрылымын өзгерткен болатын. Ол басты компанияның атауын Alphabet деп өзгертті. Дегенмен компанияның өнімдері бұрынғы атауларын сақтап қалды.

Қазір оқып жатыр

Қуат Хамитов Алматы облысы күрес федерациясының вице-президенті атанды

Қуат Хамитов

Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: МБИ басшысына қандай айып тағылды?

Мемлекеттік айыптаушылар

Шымкентте шілде айында 111 жыл бұрынғы рекорд тіркелді

аптап ыстық

Pierre Cardin, Federico Barrazzo моделі Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүр

Шыңғыс Таңатпаев