USD
USD
USD

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Америкалық ExxonMobil компаниясы Қазақстан мен Қашаған кен орнын игеруге қатысушылар арасындағы 2,356 трлн теңге немесе 5,2 млрд доллар көлеміндегі экологиялық айыппұлға қатысты дауды реттеу жөніндегі соңғы ұсынысқа қарсы шықты.

Қашаған
Фото: ncoc_official/instagram.com

Астана, NEGE. Bloomberg ақпаратынша, компания TotalEnergies-ті де өз ұстанымын қолдауға көндірген. Соның нәтижесінде келісімге қол қою мүмкін болмаған.

Экологиялық айыппұлға қатысты дау ExxonMobil компаниясының Қазақстанмен Қашағандағы мұнай өндіру көлемін арттыруға бағытталған жаңа инвестициялар жөніндегі келіссөздеріндегі негізгі мәселелердің біріне айналған. Компания кен орнын кеңейтуге 80 млрд долларға дейін инвестиция салу мүмкіндігін қарастырып отыр. Алайда бұл инвестицияларды Қазақстан үкіметімен арадағы келіспеушіліктерді, соның ішінде экологиялық айыппұл мәселесін реттеумен байланыстырып отыр.

Айта кетейік, айыппұл 2022 жылы кен орнында күкіртті сақтау тәртібіне байланысты салынған. 19 маусымда Атырау облысындағы сот айыппұлдың заңдылығын растады. Ал шілдеде Әділет министрлігі оны өндіріп алу рәсімі басталғанын хабарлады. Соған қарамастан, жобаға қатысушылар айыппұлға қатысты дауды халықаралық арбитраждарда әлі де даулап жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков

Жетісу облысында сыныптастар арасындағы жанжалдан соң оқушы көз жұмды

Қылмыстық іс

Байқоңырда 40 жастағы әйел бес баласына қатыгездік көрсетіп келген деген күдікке ілінді

сот