USD
USD
USD

EXPO Dubai: Қазақстан павильоны 192 ел арасында 2-орынға ие болды

  30 наурыз күні Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) күні аясында Дүниежүзілік EXPO 2020 Dubai көрмесінің жұмысы қорытындыланып, EXPO Awards марапаттарын тапсыру рәсімі өтті.

EXPO Dubai: Қазақстан павильоны 192 ел арасында 2-орынға ие болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «QazExpoCongress» Ұлттық компаниясы» АҚ-дан мәлім еткендей, Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны әлемнің 192 елі арасында 2-орынға ие болды және басты жүлде «Көрме тақырыбын ашу» аталымы бойынша күміс жүлде алды. «Сонымен қатар Қазақстан павильоны халықаралық Exhibitor Magazine журналының нұсқасы бойынша Best Presentation номинациясында бірінші орынды және Best Large Pavilion номинациясында үшінші орынды жеңіп алды. Қазақстан павильоны EXPO 2020 Dubai көрмесінде Топ-10 павильондары қатарында. Жалпы, көрме ашылғалы павильонды 1 млн 617 мың адам тамашалады», – деді компаниядан. Айта кетейік, «Көрме тақырыбын ашу» аталымы бойынша бірінші орынды – Германия, үшінші орынды Италия иеленді.

Қазір оқып жатыр

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Парламент

Алматыда «Пионердің» тағдыры не болмақ?

.

Ер адам екінші әйелін өлтіру үшін 10 мың долларға киллер жалдаған

Өзбекстан азаматы

Қазақстанда автосақтандыру бағасы өсуі мүмкін

Автосақтандыру