USD
USD
USD

EXPO 2020 Dubai көрмесіндегі Қазақстан павильоны миллионыншы қонақты қарсы алды

Дубайдағы EXPO 2020 Dubai Дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық павильоны миллионыншы келушіні қарсы алды, деп хабарлайды «QazExpoCongress» ҰК» АҚ-ның баспасөз қызметі.

EXPO 2020 Dubai көрмесіндегі Қазақстан павильоны миллионыншы қонақты қарсы алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дүниежүзілік EXPO 2020 Dubai көрмесіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонының миллионыншы конағы Дубай қаласының 38 жасар тұрғыны, кәсіпкер Махмуд Әл Бурай атанды. Махмуд Әл Бурай Қазақстанда бұрын-соңды болмағанын, сондықтан біздің елге келу мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысатынын айтты. Оған Қазақстанға тегін сапарлауға екі адамға арналған сертификат берілді. Әуе билеттерін Air Astana ұсынса, турды «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы ұйымдастырып отыр.

Қазақстандық павильон мен Қазақстан Республикасы, сондай-ақ EXPO 2020 Dubai ұйымдастырушы комитеті атынан миллионыншы қонақты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Қазақстан Республикасының БАӘ-дегі Төтенше және Өкілетті елшісі Мадияр Меңілбеков, EXPO 2020 Dubai көрмесі төрағасының халықаралық қатысушылар жөніндегі орынбасары Омар Шехаде, EXPO 2020 Dubai-дағы Қазақстан Республикасының Ұлттық секциясының бас комиссары Аллен Шәйжүнісов құттықтады.

Қазір оқып жатыр

Магеррам Маггеррамов: Салық реформасы бюджет тапшылығын жаба алмады

Салық

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ