USD
USD
USD

Exit-poll нәтижесі: сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды

Кезектен тыс президент сайлауының алғашқы exit-poll деректері айтылды.

Exit-poll нәтижесі: сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Ашық қоғам" аймақтық зерттеулер халықаралық институты" қоғамдық қоры жүргізген сауалнама қорытындысына сәйкес, Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,45% дауыс жинаған. Екінші орында барлығына қарсы бағаны.

Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,45%,

Қарақат Әбден – 2,54%,

Нұрлан Әуесбаев – 2,17%,

Жигули Дайрабаев – 3,33%,

Мейрам Қажыкен – 2,23%,

Салтанат Тұрсынбекова – 2,08%,

Барлығына қарсы – 5,2%.

Сондай-ақ "Аманат" партиясының қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама қорытындысы жарияланды.

Оның нәтижелері:

 Салтанат Тұрсынбекова – 1,44%,

 Мейрам Қажыкен – 2,43%,

 Қарақат Әбден – 2,61%,

 Нұрлан Әуеспаев – 1,93%,

 Қасым-Жомарт Тоқаев – 85,42%,

Жигули Дайрабаев – 2,67%,

Барлығына қарсы – 3,04%.

"Астана кешенді әлеуметтік зерттеулер институты" жүргізген сауалнама қорытындысына сүйенсек, үміткерлерге берілген дауыс дауыс үлесі төмендегідей:

Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,02%,

Қарақат Әбден – 2,84%,

Нұрлан Әуесбаев – 2,38%,

Жигули Дайрабаев – 3,68%,

Мейрам Қажыкен – 2,62%,

Салтанат Тұрсынбекова – 2,24%,

Бәріне қарсымын – 4,22%.

Әзірге бұл тек алдын ала нәтижелер.

Еске сала кетсек, сайлауға алты үміткер қатысты. Мәліметтерге сәйкес, 2022 жылғы 20 қараша сағат 22.00-дегі дерек бойынша қатысуға құқылы қазақстандықтардың 69,43 пайызы дауыс берген.

Республика бойынша барлығы 10 мыңнан астам сайлау учаскесі құрылды. Ең белсенді өңір – Жетісу облысы, адам ең аз қатысқан өңір – Алматы қаласы.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық