USD
USD
USD

Еврейлер жиыны: Ұйымдастырушылар жазаға тартылды ма?

Алматыдағы Rixos қонақүйінде жиын өткізген Орталық Синагога басшысына 30 АЕК (87 510 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Еврейлер жиыны: Ұйымдастырушылар жазаға тартылды ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Жақында әлеуметтік желіде Rixos қонақүйінің жанында карантиндік шектеулерге қарамастан, көп адамның жиналғанын айқындайтын кадрлар тараған болатын. Шамамен 70-100 адамның жиналып, суретке түсіп жатқанын көрген желі қолданушылары наразылық танытқан. Жиналған адамдардың еврей қауымының өкілдері екені де айтылған еді. 

Карантин талаптарын бұзған ұйымға айыппұл салынды ма?

Осы жағдайға қатысты Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова брифингінде барысында жауап берді деп хабарлайды, ҚазТАГ халықаралық ақпарат агенттігі. 

"Ұйымдастырушы - Орталық Синагога. Ұйым шектеу шарасын бұзды. Басшылыққа Әкімшілік кодекске сәйкес, 30 АЕК (87 510 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Орталық Синагога діни шара ұйымдастырған", - деді Әсел Қалықова. 

Қалықованың айтуынша, Синагога басшылығы діни іс -шараны өткізуге өтініш бермеген. Сонымен қатар, Rixos қонақүйінің жауапкершілікке тартылмайтынын да атап өтті. Өйткені, қонақ үй қызметкерлері мұндай іс-шараның өтетінін білмеген. Ал аталмыш шара ғимараттың сыртында болған. 

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев