USD
USD
USD

Евгений Кошкин конькимен жүгіруден әлем кубогында қола жүлдегер атанды

Қазақстандық конькимен жүгіруші Евгений Кошкин Нидерландтың Херенвен қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды.

Евгений Кошкин
Фото: ҰОК

Алматы, NEGE. Спортшы 500 метр қашықтықта үшінші орын алды. Ол мәреге 34,30 уақыт көрсеткішімен жетіп, өз жеке рекордын жаңартты.

Жеңісті 34,18 нәтижесімен нидерландтық Еннинг Де Бо иеленді. Екінші орынды 34,27 уақытымен АҚШ спортшысы Джордан Штольц алды.

Айта кетейік, бұған дейін Кошкин Польшада өткен Әлем кубогының кезеңінде топ жарған еді.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек