USD
USD
USD

ЕҰУ студенттері жоғары шәкіртақы алды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері бірінші болып жоғары шәкіртақы алды. Бұл туралы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады. 

ЕҰУ студенттері жоғары шәкіртақы алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанатында 2020 жылдың қаңтар айынан бастап студенттерге, магистранттарға және докторанттарға шәкіртақының 25 пайызға артатынын жариялаған болатын.

Университеттің 14 677 студенті жаңа жоғарылатылған төлемдерді бірінші болып алды (сәйкесінше, бакалавриатта оқитын студенттер саны – 10 275, магистратура – 2795, докторантура – 997).

Бакалавриат студенттеріне арналған шәкіртақы 20 949 теңгеден 26 186 теңгеге, магистрлік бағдарламалар 53 530 теңгеден 66 913 теңгеге, докторантура 81 998 теңгеден 102 498 теңгеге дейін өсті.

Қазіргі күні Еуразия ұлттық университетінде 20 мыңдай студент оқыса, олардың 70 пайызы мемлекеттік білім гранты иегерлері.

Сондай-ақ, 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап профессор-оқытушылар құрамының жалақысы 50 пайыздан жоғары, ал ғылыми кітапхана қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға көтерілгенін атап өткен жөн.

Ал әкімшілік және сала қызметкерлерінің жалақысын биылғы жылдың 1 қаңтарынан 20 пайызға арттыру көзделуде.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда мектеп оқулықтарынан 700-ден астам ескертпе мен қателер анықталған

Оқулықтар

AMANAT-тың алдағы сайлау науқанына дайындығы қандай?

 AMANAT

Шэньчжэньде Alatau City халықаралық роуд-шоуы өтті

роуд-шоу

Мемлекет қаржыландырған фильмдер келесі жылы прокатқа шығады

заң