USD
USD
USD

Еуропарламент Brexit келісімін мақұлдады

Еуропалық парламент Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығу туралы келісімді бекітті.

Еуропарламент Brexit келісімін мақұлдады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  

Құжатты қабылдау үшін 621 депутат дауыс берген, 49 парламент өкілі қарсы болған. Бұған дейін Ұлыбританияның одақтан шығуы туралы құжатқа Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишель, Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен және Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон қол қойған еді.

Сонымен 31-қаңтардан бастап Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу үдерісі күшіне енеді. Бұдан кейін өтпелі кезең басталып, бұл аралықта сауда қарым-қатынасын реттеу туралы келіссөздер жүреді.

2016 жылы Ұлыбританияда Еупропалық одақтан шығу туралы (Brexit) референдум өткен. Дауыс бергендердің 51,9% Біріккен Корольдіктің Еуропа одағынан шығуды жақтаған.

 

Қазір оқып жатыр

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

Полиция көлігі

11 мыңға жуық лифтіні екі-ақ адам бақылайды: министрлік тұрғын үй саласындағы проблеманы атады

Пәтер

Ұлттық қордан өңірлерге 1,5 трлн теңге бөлінеді: қаражат қайда жұмсалмақ?

primeminister.kz

Павлодардағы колониядан Wi-Fi-роутерлері, Sony PlayStation ойын приставкасы мен смартфондар табылды

сот