USD
USD
USD

Еуропаның кейбір елдері карантин шараларын күшейтті

Еуропаның бірқатар елі коронавирусқа байланысты шектеу шараларын күшейту туралы айтуда.

Еуропаның кейбір елдері карантин шараларын күшейтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Испания билігі вакцинация туралы сертификаттың бар болуына қарамастан инфекцияның таралу қаупі жоғары елдерден келген барлық жолаушылардан коронавирусқа теріс тест талап етуді қолға алуда. Испания ЕО құрамына кірмейтін «тәуекел тобындағы елдер» қатарына 20-ға жуық мемлекеттен басқа барлық елді жатқызады. Германияда жетекші вирусологтар бүкіл халықтық қатаң карантин енгізуге шақыруда. Дәрігерлер вакцинацияланбаған адамдарды оқшаулауды ұсынады.

Эпидемиолог Александр Кекуле: «Біз толық оқшауланбай төртінші толқынды тоқтата алмайтынымызды мойындауымыз керек», — деді.

Австралия коронавирустың жаңа штамының пайда болуына байланысты Африканың тоғыз елінен келгендерге елге кіруге тыйым салды. Бұл - Ботсвана, Зимбабве, Лесото, Малави, Мозамбик, Намибия, Сейшел аралдары, Эсватини және Оңтүстік Африка.

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов