USD
USD
USD

Еуропалықтар біртіндеп қалыпты өмірге оралып жатыр

Мұнда вирустың таралуы сәл де болса азайған, деп хабарлайды «Хабар 24». Осыған байланысты Италия, Грекия бастаған біраз ел бүгін карантин тәртібін жеңілдетті. Италияда соңғы тәулікте коронавирустан 145 адам көз жұмды.

Еуропалықтар біртіндеп қалыпты өмірге оралып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл пандемия басталғалы 24 сағат ішінде елде тіркелген ең төменгі көрсеткіш. Билік мұны эпидемиологиялық ахуалдың жақсара бастауы деп санап, карантин ережесіне жеңілдіктер енгізіп отыр. Сөйтіп, бүгіннен бастап елде барлар, мейрамхана, сән салондары мен тұрмыстық дүкендер қайта ашылды. Ал ертең Римдегі мұражайлар келушілерді қабылдайды. Тура бір аптадан кейін спорттық залдар мен бассейндер, ал 15 маусымнан бастап театр мен кинотеатрлар жұмысын бастамақ.

 Грекияда бүгіннен бастап ашық аспан астында орналасқан 200-ден аса көне ескерткіш, спортық алаңдар, бассейндер, ботаниалық саябақтар мен зообақтар ашылды. Сондай-ақ, ел астанасы Афинадағы ірі сауда орталықтары қызметін бастады. Бүгін лицей мен гимназиялардың бірінші және екінші курс студенттері білім беру мекемелеріне оралды. Одан бөлек, тұрғындар енді ел ішіндегі өзге өңірлерге, Крит және Эвбея аралдарына емін-еркін қатынай алады. Бұған дейін осы Грекияда жағажайлар ашылған болатын. Сақтық шарасы ретінде 1000 шаршы метрге келетін адам саны 40-тан аспауы тиіс. Алайда бұл ереже сақталып жатқан жоқ. Өйткені соңғы уақытта күн ысып, температура 40 градустан түспей тұр. Сондықтан жұрттың дені жағажайдан жанға сая тапқан. 

Ал Францияда, өкінішке қарай, карантин жеңілдетілгелі 20-дан аса жаңа ауру ошағы тіркелген. Сондықтан өткен дүйсенбіде ғана ашылған 50-ден аса мектеп қайта жабылды. Соған қарамастан, үкімет келесі айдың аяғынан бастап туристік маусымды ашуға ниетті. Алайда билік халықты бұған жауапкершілікпен қарауға шақырып отыр. Әйтпесе Францияда да Грекия жағажайларындағы жағдай қайталануы әбден мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Қырымда Ан-26 әскери ұшағы жартасқа соғылып, 29 адам қаза тапты

Ұшақ апаты

БҚО-да мектеп автобусымен болған жол апаты: 24 бала ауруханаға жеткізілген

түркістан

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

.

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Атырау МӨЗ