USD
USD
USD

Еуропалық одақ елдеріне сапарлауға рұқсат берілді

Еуропалық одақ елдеріне сапарлауға рұқсат берілді. Басты шарт – жолаушы вакцинаның міндетті 2 дозасын 14 күн бұрын салдырған болуы керек.

Еуропалық одақ елдеріне сапарлауға рұқсат берілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еурокомиссия Еуроодаққа мүше 27 елдің тұрақты өкілдерінің осы шешімін мақұлдады. Вакциналаудың куәлігі осы айдың ортасынан бастап беріледі. Әзірге аталған құжатты Еуроодақтан тыс жерде қолдану туралы шешім қабылданған жоқ.

Кристиан Виганд, Еурокомиссияның ресми өкілі:

– Енді еуропалықтар вакциналаудың цифрлық куәлігінің арқасында жазғы демалысын қауіпсіз өткізе алады. Бірақ аздаған шектеулер болуы мүмкін. Сондай-ақ Еуроодақ вакцинаны толық алған және емдеп, жазылған азаматтарды шектеулерден босатуға келісті. Бұдан басқа, тестілердің жарамдылық мерзімі бойынша да келісті: ПТР-тестілерге 72, ал антигендерге арналған шұғыл тестілерге 48 сағат болуы тиіс.

Қазір оқып жатыр

Павлодар қаласында ЖЭО аумағында өрт шықты

Оқиға орны

Сот Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевты жазадан босату туралы қаулының күшін жойды

Кәрім Көкірекбаев

Қостанай облысында ер адамға қасқыр тап берді

Қасқыр

Қазақстанда жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев, Айбек Дәдебай