USD
USD
USD

Еуропалық «Lufthansa» әуе компанияның ұшақтары Қазақстанға қатынауын уақытша тоқтатады

Еуропалық «Lufthansa» әуе компанияның ұшақтары Қазақстанға қатынауын уақытша тоқтатады.

Қарызы бар адам
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Lufthansa» әуе компаниясы ұшуларды 2025 жылғы 26 қазан мен 2026 жылғы 29 наурыз аралығында уақытша тоқтата тұрады», деп хабарлады Көлік министрлігі.

Министрлік оның 3 себебін атады:

  1. Әскери қақтығыстарға байланысты Ресей Федерациясының әуе кеңістігін айналып ұшу компания шығындарының артуына әкелді.
  2. Әуе кемелерінің жетіспеушілігі, сондай-ақ жаңа ұшақтар мен қосалқы бөлшектердің жеткізілуінің кешігуі де әсер етуде. Қазіргі уақытта көптеген халықаралық әуе компаниялар тапсырыс берген әуе кемелерін уақытында ала алмауына байланысты өздерінің тасымалдау жоспарларын қайта қарауда.
  3. Маусымдық жолаушылар ағынының төмендеу үрдісі көптеген әуе тасымалдаушыларына тән.

«Сонымен қатар, Астана және Алматы қалалары арқылы ұшу компанияның жеке шешіміне байланысты рейстердің жүктемесін қамтамасыз ету мақсатында жалғасып жатқанын атап өтеміз», – делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Шахтинскідегі өрт

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

ТЖ

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Трамп

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді

Тоқаев, Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арики