USD
USD
USD

Қазақстаннан Еуропаға ұшу арзандайды

Халықаралық арзан авиакомпаниялар Қазақстан арқылы транзитпен ұшатын болады. Бұл туралы мәжіліс алаңында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.

Қазақстаннан Еуропаға ұшу арзандайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айтуынша, 2023 жылдан бастап Қазақстан арқылы арзан авиакомпаниялар ұшады.

"Бізде ұлттық оператор сегменті бар, арзан авиакомпания сегменті бар. Біз қазір ірі арзан авиакомпаниялармен жұмыс істеп жатырмыз. Ашық аспан режимі аясында біз оларға ұшуға мүмкіндік береміз. Мысалы, бір жерден ұшфп келеді де, Еуропаға, Түркияға ұшып кете алады. Билеттер әлдеқайда арзан болады. Өйткені олар - арзан авиакомпаниялар", - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.

Сонымен қатар министр қазақстандықтар үшін Еуропаға билеттер неліктен қымбатқа түсетінін түсіндірді.

"Сонымен қатар динамикалық баға жүйесі бар. Билетті үш ай бұрын сатып алсаңыз, 12-15 мың теңге тұрады. Қазір сатып алсаңыз, 50-60 мың теңге, тіпті одан да жоғары болуы мүмкін".Қайырбек Өскенбаев

Наурызда хабарланғандай, 2022 жылы Қазақстандағы әуе қатынасы жолаушыларға бір жыл бұрынғымен салыстырғанда бірден 18% қымбаттады.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық