USD
USD
USD

Еуропадан әкелінген жүк көліктерін заңсыз тіркеп отырған ХҚО қызметкерлері анықталды

Ақмола облысында 2 жыл бойы жүк көліктерін заңсыз тіркеу бойынша қылмыстық қызметті жүзеге асырған адамдар тобы, оның ішінде мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері әшкереленді.

Еуропадан әкелінген жүк көліктерін заңсыз тіркеп отырған ХҚО қызметкерлері анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Тергеу барысында ҚМА аумақтық департаменті Көкшетау қаласының ХҚКО мамандандырылған бөліміне Еуропадан әкелінген 100-ден астам автокөлік құралын алғашқы тіркеу үшін алым төлеу туралы жалған төлем құжаттарын беру фактілерін анықтады.

Қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде мемлекетке 700 млн теңгеден астам шығын келтірілді. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды және күдікті адамдарға қатысты сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс