USD
USD
USD

Еуропада «Юнис» дауылы салдарынан 16 адам қаза тапты

  Осы аптада «Юнис» дауылы Еуропаның түрлі елдерінде 16 адамның өмірін қиып кетті. 

Еуропада «Юнис» дауылы салдарынан 16 адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Нидерланды елінде төрт адам, Польшада - төрт адам, Ұлыбританияда - үш адам, Германия мен Бельгияда екі адамнан, Ирландияда бір адам қаза тапты. Еуропалық БАҚ атап өтуінше, жазатайым оқиғалардың көбіне ағаштардың құлауы немесе құрылыс конструкцияларының жұлынуы себеп болды. «Юнис» дауылы Еуропада 18 ақпанда басталған. Синоптиктердің мәліметінше, дауыл кезіндегі жел екпіні секундына 55 метрге жеткен. Дауыл Ирландиядан Ұлыбританияға қозғалып, Франция солтүстігімен және Бенилюк елдері арқылы Дания мен Германияға өткен. Екпінді желден үйлердің шатырлары жұлынып, ағаштар сынды, электр желілері бүлінген. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық ғалымдар сүйекке арналған отандық импланттар әзірлеп жатыр

Имплант

Мемлекеттен 350 млн теңге алып, өндіріс ашпаған: Астанада алаяқтық әшкереленді

Адам ұрлау

1,6 млрд теңгелік тендерді құжатсыз өткізбек болған шенеунік сөгіспен құтылды

Шенеунік

Қазақстаннан мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін экспорттауға рұқсат берілмек

мұнай