Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Еуропада екпе алмағандар мен балаларға карантин енгізілді

 Венада 5-11 жас аралығындағы балаларды ковидқа қарсы жаппай вакциналау басталды.

Еуропада екпе алмағандар мен балаларға карантин енгізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Екпеге BioNTech-Pfizer препараты қолданылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews агенттігіне сілтеме жасап. Бұрын бұл жас тобын вакциналауды оны жеке негізде және шектеулі көлемде ұсынған тәжірибешіл дәрігерлер ғана жасай алды. Осыған байланысты Австрияда вакциналанбаған тұрғындар күнінің локдаун режимі күшіне енді. «Біз балалармен елде санитарлық талаптарды енгізудің себебін және вакцинацияның не үшін қажет екенін талқыладық, менің ойымша, олар вакцинацияның инфекциядан қорғайтынын түсінді және бұл ресми жоспарға сәйкес әдеттегі вакцинамен бірдей»,- деді Вена тұрғыны.

Германияда короавируспен ауырып жатқан үш мыңға жуық науқас қарқынды терапия бөлімшелерінде емделуде. Аурудың өршуіне байланысты билік вакцинациядан бас тартқандар үшін шектеулер енгізді. Мұражайларға, мейрамханаларға, кинотеатрларға, бассейндерге тек вакциналанған және ауырып шыққа адамдар ғана бара алады. Дүйсенбіден бастап 40 жастан асқан Ұлыбритания тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцинаның үдеткіш дозасын алуға құқылы, ал 16-17 жастағы жасөспірімдер екінші екпені ала алады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда мемлекетке қайтарылған қаражат 10,5 мың тұрғынды сумен қамтуға жұмсалды

Мемлекетке қайтарылған қаржы

Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Қазыбек Қалмағамбетов

Астанадағы салтанат қақпасы жанында балағат сөз айтқан шетелдік айыппұл арқалады

Ангелина Ванина

Танымал қазақстандықтар Құрылтай сайлауының қарсаңында «Әділет» партиясына қолдау танытты

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі