Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Еуропада аптап ыстықтан 10 мыңнан астам адам көз жұмды

EuroMOMO еуропалық өлім-жітімді бақылау бағдарламасының дерегіне сәйкес, маусым айының соңында Еуропаны жайлаған аптап ыстықтан 10 мыңнан астам адам қайтыс болған. Зерттеу мәліметінше, оның 9 мыңы – 65 жастан асқан егде адамдар.

Еуропа
Фото: grani.lv

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Deutsche Welle хабарлады.

EuroMOMO зерттеуінің авторлары Еуропаның 27 елінің ұлттық статистикасын жинақтаған. Жоба жекелеген елдер бойынша нақты мәліметтерді жарияламағанымен, маусымның соңғы аптасында «өте жоғары өлім-жітім» Франция мен Бельгияда тіркелгені атап өтілген.

Бір Германияның өзінде маусым айының соңына дейін елде аптап ыстықтан шамамен 5 100 адам қайтыс болған. Оның ішінде 4 310 адам тек 22-28 маусым аралығындағы ерекше ыстық аптада көз жұмған. Ыстықтан қайтыс болғандардың 80 пайыздан астамы 75 жастан асқандар. Қайтыс болғандардың арасында ерлерге қарағанда әйелдер көп тіркелген. Бұл деректі Роберт Кох (RKI) институтының мамандары жариялады.

Англия мен Уэльсте маусым айының соңындағы ыстықтан шамамен 2 700 адам көз жұмған. Ыстықтан қайтыс болғандарды анықтау бойынша зерттеуді Лондон Империялық колледжі, Ұлыбританияның Метеорологиялық қызметі және Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебі бірлесіп жүргізген.

Осы ғылыми топтың есебіне сәйкес, аптап ыстық Еуропаның 12 ірі қаласында шамамен 2 300 адамның өмірін қиған.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат