USD
USD
USD

Еуропа жаңа туристік маусымға дайын емес

 Еуроодақ елдері ковид-төлқұжаттарды – вакцинацияланған немесе COVID-19-бен ауырған адамдар үшін бірыңғай сертификаттарды келісу және енгізу бойынша бір мәмілеге келе алмай отыр.

Еуропа жаңа туристік маусымға дайын емес
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туристік маусымның басталуына кері әсер етуі мүмкін. Одақ ретінде нақты шешім шығарылмағандықтан, әр ел мәселені өздігінен шешуге мәжбүр, - деп хабарлайды tourdom.ru сайты. Bloomberg мәліметінше, қазір Еуропалық комиссия саяхатшылардың денсаулығы туралы барлық ақпаратты тіркеуге мүмкіндік беретін бірыңғай цифрлық платформаны құру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алайда бұл үш айдан төрт айға дейін созылуы мүмкін. Себебі тек жүйені дамыту процесінде емес, сондай-ақ осындай сертификаттарды заңды рәсімдеуге байланысты мәселелерде де қиындықтар туындап отыр.  Экономикасы туризмге тәуелді елдер ковид-төлқұжат енгізілгенін қолдайды.

Алайда, ЕО-ның бірнеше елі, соның ішінде Бельгия мен Франция ковид-төлқұжатын енгізуге қарсы. Ал ЕК басшысы Урсула фон дер Ляйен комиссия мүшелері бұл мәселе жан-жақты талқылайтынын мәлімдеді. Ол мұндай құжатты айналымға енгізу «медициналық қажеттілік» деп есептейді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер