USD
USD
USD

Еуропа лигасы жалғасады

Бүгін UEFA Еуропа лигасы 1/8 финалдық сатысы қайта жалғасады.

Еуропа лигасы жалғасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Коронавирус пандемиясы салдарынан аталған доп додасының 1/8 финалының қарымта ойындары 12 наурыздан кейін белгісіз мерзімге кейінге шегерілген еді.

Сол ойындар 5 тамыздан бастап қайта жалғасатын болды.

Бүгін, 5 тамызда «Интер» (Италия) және «Хетафе» (Испания), «Копенгаген» (Дания) және «Истанбул Башакшехир» (Түркия), «Шахтер Донецк» (Украина) және «Вольфсбург» (Германия), «Манчестер Юнайтед» (Англия) және ЛАСК (Австрия) командалары кездеседі.

Ал 6 тамызда «Севилья» (Испания) және «Рома» (Италия), «Байер» (Германия) және «Глазго Рейнджерс» (Шотландия), «Вулвергемптон Уондерерс» (Англия) және «Олимпиакос Пирей» (Грекия), «Базель» (Швейцария) және «Айнтрахт Франкфурт» (Германия) командалары шеберлік байқасады.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

Зарина Дияс

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Temu

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Нұрлан Сабуров

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді

Мирзиеев, Тоқаев